Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Күзге салым екі бірдей мұнай өңдеу зауыты бір айға күрделі жөндеуге жабылады

AstanaTV
10.08.2016ж. 20:00
2633
Күзге салым екі бірдей мұнай өңдеу зауыты бір айға күрделі жөндеуге жабылады

Күзге салым екі бірдей мұнай өңдеу зауыты бір айға күрделі жөндеуге жабылады. Десе де агрария сұйық отын тапшылығын сезінбейді. Бүгінгі Үкімет отырысында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осылай деді. Нарықта сатуға қажетті көлем Ресейден импортталады. Министр, орақ науқанына қажетті жанармай қоры жеткілікті, деп отыр.

Алайда Ауыл шаруашлығы министрлігі ылғал салдарынан жиын-терім науқаны созылады деп, тағы да қор сұрап отырған көрінеді. Энергетика министрі, қосымша бөлінетін жанар-жағармай жеңілдікпен емес, нарықтық бағамен берілуі мүмкін, дейді. 

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Ауыл шаруашылығы министрлігі тағы да қосымша отын қоры қажет деп отыр. Күз шынымен ылғалды болса, табамыз. Бірақ жеңілдікпен берілуі екіталай. Себебі айырмашылық үлкен. Зауыттан шығатын 79 теңге немесе жанармай бекетіндегі 108 теңге. Көре жатармыз. Алайда жылда артық қалған отын жанармай бекеттеріне қайта сатылып жатады. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ