Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Атырауда «AMANAT» партиясы жанынан «AMANAT SERVICE» кеңес беру орталығы ашылды

AstanaTV
13.01.2023ж. 20:00
1177
Атырауда «AMANAT» партиясы жанынан «AMANAT SERVICE» кеңес беру орталығы ашылды

Атырауда «AMANAT» партиясы жанынан «AMANAT SERVICE» кеңес беру орталығы ашылды. Мұнда бір терезе қағидаты бойынша мемлекеттік органдардың, «Отбасы банкі» мен «E-gov» өкілдері азаматтардың өтініштерін қабылдайды.

«AMANAT SERVICE» кеңес беру орталығы сәулет, еңбек, тұрғын үй қатынастары саласын қамтиды. Сондай-ақ, ондағы мамандар халықты толғандыратын өзге де мәселелер бойынша заңнаманы түсіндіреді.

Абдолла ІДІРІСОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

«AMANAT SERVICE» орталығында кеңестерін, арыз-шағымдарын қалдыру, т.б. партияға қатысты көмектерін алып кету үшін ашып отырмыз. Яғни бұл жерге халықтар толығымен өздері келіп, ойларын, толғандырып жүрген мәселелерін, өздерінің арыз-шағымдары болса, барлығын осы «AMANAT SERVICE» орталығынан алатын болады.

«AMANAT SERVICE» орталығының басты мақсаты – халықпен бірге жұмыс істеу. Орталықта 11 қызмет түрі бар. Алты қызмет мемлекеттік органдармен жұмыс істесе, бесеуі партияға қатысты мәселелерді қамтиды.

Жаңылсын КЕНЖЕҒАЛИЕВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КОНСУЛЬТАНТЫ:

«AMANAT SERVICE» орталығы бірнеше мекемелердің басын құрап отыр. Денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, «Отбасын банк», депутаттық қабылдау, қоғамдық қабылдау, заңгерлер және «E-gov» сияқты бірнеше мекемелер қызмет көрсетіп жатыр.

Жоба аясында заңгерлер жергілікті жерде азаматтарға көмек көрсетеді. Яғни, сотта, қылмысты қудалау органдарында және тағы басқа жағдайда азаматтарға өкілеттік етуге, арыз-талап толтыруға, өзін қорғауға қол ұшын созады. Сондай-ақ, тұрғындарға қаржы және құқықтық мәселелер бойынша түрлі кеңестер беріледі.

Әділет СӘБИТОВ, “ЖАСТАР РУХЫ” ЖАСТАР ҚАНАТЫ АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бір сұрақтарына жауап алу үшін айлап, жылдап күтуі мүмкін. Ал, біздің орталықтың артықшылығы, келгеннен кейін тұрғын өзінің мазалап жүрген сұрағына бірден жауабын алып, бағыт-бғдарын алып кетеді.

Халық арасында құқықтық мәселелер- өте өзекті. Бұл жоба ел арасындағы осыған қатысты түйіткілдерді шешуге мүмкіндік береді. Партиялықтар әділдік пен заңның үстемдік құруы осындай нақты істерден басталады – дейді

А. Задабек