Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қостанайлық оқушы тың жоба ойлап тапты

AstanaTV
13.01.2023ж. 20:00
2152
Қостанайлық оқушы тың жоба ойлап тапты

Қостанайдағы Назарбаев мектебінің шәкірті Ерболат Сембаев зияткерлік өнімге авторлық құқық куәлігін алды.Он бірінші сынып оқушысы «Интерактивті оқытудың Quest System, QSOIL - Quest System of Interactive Learning» жобасын әзірлеген. Оқушының ойлап тапқан жүйесі 3D кеңістігінде процесті геймификациялау арқылы ағылшын тілінде «Информатика» пәні бойынша білім беруге арналған. Жоба ақпараттық технологияны оқытуда қолданылатын оқу квесі жүйесін сипаттайды. Ғылыми жұмыста жас автор екі мәселені қамтыған. Біріншіден елімізде IT мамандардың жетіспеушілігін қарастырса, екіншісі – мектеп мұғалімдерінің оқыту әдістері мен ресурстары туралы. Ерболат Сембаев тың жоба оқыту әдістерін әртараптандырып, оқушылардың қызығушылығын тудыратынына сенімді. Өйткені сауалнама нәтижесі ойын форматындағы интерактивті оқыту платформасының тиімді екенін көрсетіп отыр.

Ерболат СЕМБАЕВ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ:

Мектептегі сабақтың бірі квест форматында өтті.Бұл өте қызықты болды. Бірақ бұл іс-шараны дайындау мұғалімнің көп уақытын алды. Сондықтан мен ұстаздардың уақытын үнемдейтін және олардың жұмысын жеңілдететін сондай-ақ оқушыларға шынымен қызықты интерактивті форматта білім алуға мүмкіндік беретін 3D ойынын жасауды шештім.

З. Санай