Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Жеке қосалқы шаруашылықтардың малын жаю үшін қосымша 8,9 миллион гектар жайылым қажет

AstanaTV
17.01.2023ж. 20:00
1841
Жеке қосалқы шаруашылықтардың малын жаю үшін қосымша 8,9 миллион гектар жайылым қажет

15 облыста жайылымдық жер тапшы. Жеке қосалқы шаруашылықтардың малын жаю үшін қосымша 8,9 миллион гектар жер қажет. Бүгін бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев үкіметте айтты. Министрлік қайтарылған жерлердің интерактивті картасын әзірледі. Сол арқылы халық өзі тұратын аумақ бойынша қайтарылған жерлер туралы ақпарат ала алады.

Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:

Әсіресе, Түркістан, Қызылорда, Алматы және Атырау облыстарында. Қазіргі уақытта Министрлік Мемлекет басшысының 2023 жылдың соңына дейін қосымша 5 миллион гектар пайдаланылмайтын жерлерге қатысты шаралар қабылдау жөніндегі тапсырмасын орындауға кірісті.

Ал үкімет басшысы жайылым жерлерді ауылдың сырт жағына көшіріп, отарлық мал шаруашылығын дамыту керек екенін айтты. Сол себепті мемлекет меншігіне қайтарылған жерлерді Премьер-министр қоғамдық пайдалануға немесе жеке қосалқы шаруашылық кооперативтеріне бөліп беру қажет деді.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Қолданыстағы заң бұған мүмкіндік береді. Сонымен қатар, елді мекендердің маңында жайылымдық жерлердің аз болуы жеке қолдағы мал басының өсуіне шектеу қойып отыр. Сондықтан, жайылымдарды тиімді пайдалану үшін жағдай жасау қажет. Жайылым жерлерді ауылдан сырт жаққа көшіріп, отарлық мал шаруашылығын дамыту қажет. Қажет болса, жер қорынан учаскелер беру керек. Шалғайдағы жерлерді сумен қамтамасыз ету мәселесін жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып шешу қажет.

Б. Сатуов