Батыс өңіріндегі газ мәселесі 2
ай ішінде шешілуі тиіс. Бүгін аймаққа ат басын бұрған Үкімет басшысы әкімдік
өкілдеріне осындай тапсырма берді.
Биыл Батыс Қазақстанда 6 елді мекенге газ
өткізіліп, газ құбырын тарту жоспарланған. Бұл іс жалғасын табуы үшін алдағы
екі жылға тағы 3 миллиард теңге керек. Егер қажет қаржы бөлінсе, 463 шақырым
газ құбыры жүргізілмек. Ол кезде 25 елді мекенге көгілдір отын жеткізіледі.
Бүгінде Қазақстан газ қоры бойынша әлемде 22-орында тұр. Бірақ мұнай бағасының
арзандауы бұл салаға да әсер етпей қоймаған. Соған қарамастан, аймақта
газдандыру ісі жалғаспақ.
Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-министрі:
Бүгін көтерілген мәселелерді
ішінде мені екі нәрсе алаңдатып отыр. Алғашқысы газды жер астына кері айдап,
қолда бар ресурсты тиімді пайдалану болса, екінші мәселе - аймақтарды
газдандыру ісі. Сондықтан сіздерге екі ай рұқсат беремін. Алдағы қазан айында
арнайы жиналыс өткізіп, сол жиында барлық мәселені шешіп, нүкте қоямыз.
Еркін
КАРИН