Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Шардара ауданының тұрғыны алтынын өткізіп, көмір алуда

AstanaTV
20.01.2023ж. 20:00
1901
Шардара ауданының тұрғыны алтынын өткізіп, көмір алуда

Түркістан облысында көмір тапшы. Шардара ауданында қатты отынның бағасы 45 мың теңгеге жеткен. Бірақ тұрғындар оның өзін таба алмай жүр. Ал тоғыз жолдың торабы Арыс қаласында халық көмір алу үшін апталап кезек күтуге мәжбүр. Өңірде қатты отын неге қат? Әріптесім Айзада Төребекқызы себебін анықтауға тырысты.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Көмірдің кезегінде тұрғандардың қатары көбеймесе азаятын түрі көрінбейді. Алды 10 қаңтардан бері жүргендерін жеткізді. Қатты отыннан құр қалмау үшін түннен тұрып келеміз дейді.

Арыстағы көмір түсіретін негізгі нүктеде ұзын сонар кезек. Бірақ ол өте баяу жылжып жатыр дейді жұрт. Тізімге 12 қаңтарда жазылғандардың кезегі енді жетіпті.

Нағима ӘБДІХАЛЫҚОВА, АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ішке без очередь алты машина кіріп кетті. Мінекей, өзінің таныстарына апарып сатады қымбат қып. Неге бізге очередьпен бермейді. Бес күн болды жүргенімізге.

Оңтүстікте биыл қыс қатты. Жұрт жинаған отынын тауысып қойған. Енді кейбір отбасылар көмірді қаппен алып, амалдап отыр.

Перизат ЖАҢАБЕКОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Қазір бір бөлмеде тығылып отырмыз жеті баламен. Көмір жоқ үйде. Сол мәселемен жүрміз ғой, бес күн болды жүргеніме. Қазір бір шелек көмір сап кеттім, басқа жоқ. Енді қаптап аламыз бүгін ала алмасақ. Бір қабы бағасы 1400 болып жатыр, 1500 мың теңге болып жатыр, әшейін мынандай ұнның қабы кішкентай-ақ қап. Бір салғаннан артылмайды ол.

Көмір сатататын бұл жерге күніне кемінде 200 көлік кіріп шығады. Отын бар, бірақ әр көлікке 3 тоннадан ғана беріледі. «Бұл- халыққа теңдей жеткізудің амалы» дейді билік өкілдері. Күніне жүзден астам отбасы қамтылады. Баға да бақылауда.

Қуаныш ШОЙНАҚОВ, АРЫС ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

10 вагон тұр. Кеше 7 вагон өткізгенбіз. Ол 151 отбасына дейін жібергеніміз. Бүгін қазір үш вагон тарқатып жатырмыз, қазір мына 4 вагон түсірілсе, үлгеріп жатса бүгін өткізеді, болмаса ертең өткізеді халыққан. Алыпсатарлардың алдын алдын алу үшін арнайы кезектілік қойып бекітілген.

Ал көмір базасының қожайыны 9 қаңтардан бері 56 вагон көмір келген. Бірақ тез өтіп кетіп жатыр дейді.

Хабиб ХАЙТМАТОВ, КӘСІПКЕР:

Көмір бар. Вагон жоқ. Негізгі себеп сол болды әу баста. Жаңа жылдан бері мәселе шешіле бастады. Қазір 20 вагон Мойынты стансасында тұр. Төреуі жақындап қалды. Ертең арғы күндері күніне он вагоннан сата бастаймыз. Одан бөлек тағы 14 вагон Арысқа қарай шыққалы тұр. Соңғы күндері көмір жақсы келіп жатыр.

Ал Шардара қаласында жағдай тіпті күрделі. Жұрт көмірді 45 мың теңгеден әрең тапқандарын айтады.

Күләш САПАРБАЕВА, ШАРДАРА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Биыл көмір қымбат. 40-тан, 45 деп жатыр. 45-ке де бермейм деп жатыр міне. Үйде екі инвалидім бар, көмірім қалмады. Алтынымды өткізіп, көмір алайық деп тұрмыз.

Ал кейбіреулер қатты отынның тоннасын тіпті 50 мың теңгеге көтеріп жіберген. Сонбықтан оны алуға шамасы жетпегендер үйлерін ағашпен жылытып отырған көрінеді.

А. Төребекқызы