Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«ASTANA TV» арнасы жаңа үнді телехикаясының тұсауын кеспек!

AstanaTV
23.01.2023ж. 16:12
2904
«ASTANA TV» арнасы жаңа үнді телехикаясының тұсауын кеспек!

Жақындарын жоғалтқан жаралы жүректің жайын қозғайтын «Тағдыр талқысы» телехикаясы 23 қаңтардан бастап көрсетілетін болады.

Ата-анасының мейірімі мен махаббатына бөленіп өсіп келе жатқан қыздың өмірі бір сәтте өзгеріп кетерін кім білген? Бұл – тағдыр тәлкегіне ұшыраған жас арудың хикаясы. Көз алдында анасынан айырылады, әкесі темір торға тоғытылады. Жапанда жалғыз қалған жасөспірім қыз енді кімді паналайды? Өмірдің қатал сынына төзе ме? Анасы мен әкесіне қатысты жағдайдың ақиқатын анықтай ала ма? 

Көптің назарын өзіне аудартқан телехикаяны тамашалауға сіз де асығыңыз! Күн сайын 21:55-те «ASTANA TV» арнасын қосуды ұмытпаңыз!