Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Шөлдала» шекара заставасында асылып өлген атыраулық сарбаздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты

AstanaTV
23.01.2023ж. 20:00
2479
«Шөлдала» шекара заставасында асылып өлген атыраулық сарбаздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты

Жамбыл облысындағы Шөлдала шекара заставасында асылып өлген атыраулық Бекбол Мираштың өліміне қатысты жаға ұстатар деректер шықты. Күдікті ретінде қамауда отырған бөлім командирінің адвокаты Сержан Пралиевтің айтуынша, 18 жастағы сарбаздың өз-өзіне қол салуына сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеті себеп болуы мүмкін. Құзырлы органдар бұл мәлімдемеге қатысты ресми ақпарат әзір таратқан жоқ. Ал марқұм сарбаздың адвокаты қылмыстық іске қатысты ақпараттарды жариялауға қарсы екенін жеткізді.

Сержан ТОҚМУРЗИН, ЖӘБІРЛЕНУШІ ТАРАПТЫҢ АДВОКАТЫ:

Менің оппонентім жоғарыда аталған адвокат қылмыстық іске мәліметтерді жариялап отырғанына қарсылығымды білдіремін. Себебі марқұм болған жәбірленушінің ата-анасы, бауырларына, туыстарына бұндай өрескел әрекет орны толмас қайғы әкеліп жатқанын адамгершілік тұрғыдан неге түсінбейді?...Сонымен қатар интернетте жарияланған мәліметтерге ҚР Әскери-тергеу басқармасы, Прокуратура және аталған адвокаттық қызмет көрсететін алқаның басшылығы заңға сәйкесті шешім қабылдаулары міндетті деп есептеймін!

Баспасөз мәслихатын өткізген күдіктінің адвокатының сөзінше, үш сараптаманың қорытындысы бойынша марқұмның ауыз қуысы мен іш киімдерінде бір емес бірнеше ер адамның биологиялық материалы бар екенін анықталған. Сондай-ақ, адвокат бұл істі тергеуді «ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтің өкілеттігін асыра пайдалану» бабынан «сексауалдық сипаттағы зорлық» әрекеті бабымен ауыстыруды сұрап отыр.

Сержан ПРАЛИЕВ, КҮДІКТІНІҢ АДВОКАТЫ:

Қорғау тараптың өтінішімен бірнеше сараптама тағайындалды. Биологиялық сараптама қорытындысы бәрін есінен тандыра жаздады: қайтыс болған жігіттің ауыз қуысы мен іш киім, футболкасынан екі немесе одан да көп адамға тиесілі шәует ізі табылғанын анықтады. Оның бірі марқұмның әскердегі досына тиесі екенін белгілі болды. Менің қорғауымдағы күдіктінің ДНҚ-сы табылған жоқ. Мен осы шекара бөліміндегі қан тобы сәйкес келетін барлық сарбаздарға тексеруге өтініш берген едім. Ол өтінішім қанағаттандырылған жоқ.

Б. Нәдірқызы