$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Шетелде құлдықта болған отандастарымыз аман-есен елге оралды

AstanaTV
23.01.2023ж. 20:00
1672
Шетелде құлдықта болған отандастарымыз аман-есен елге оралды

Дубайға ақша табуға кетіп, ізім-ғайым жоғалған отандастарымыз табылды. Аман-есен елге оралды. Исламбек Қазбеков пен Жарас Сейіткәрім құлдықтан қашып шыққан. Елге жетуіне жергілікті тұрғын мен халықаралық үкіметтік емес ұйым өкілдері көмектескен. Күні кеше ата-аналары мен туыстары оларды Алматы әуежайынан қарсы алды.

Мереке Қазбекова, И. ҚАЗБЕКОВТЫҢ АНАСЫ:

Қазір бәріміз үйдеміз енді демалып кішкене. Балалар өз-өзіне келу керек. Бәрі сау, бастысы ұрмаған, соқпаған. Кішкене тамақтануы қиын болды. Елге келді ғой, енді елде болады. Ат салысқан барлықтарыңызға көп-көп рақмет.

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Біздің консул дереу автокөлікпен Тайландтың шекарасына барып, Мьянмадан кішігірім қаланың шетінен оларды алып кетті. Оларға біз қауіпсіз жерде тығылып отыруын сұрадық. Бангкокқа жеткізіліп, олардың құжаттары бәрі рәсімделіп, бүкіл айыппұлдың бәрі көші-қон заңдарын бұзғаны үшін айыппұлдың бәрі төленді. Катар арқылы билет алынып, Алматыға ұшып келді.

Смадияровтың сөзінше, шетелдік компаниялар қазақстандықтарға 2-3 мың доллар айлық төленеді деп алдап, арбауына түсіреді. Көбіне құрыққа тіл білетін жоғары білімді азаматтар ілінеді екен. Былтырғы маусым айынан бүгінге дейін Тайландтағы елшілігіміз осы екі азаматты қосқанда еңбек құлдығында болған 14 отандасымызға көмек көрсетті. Олар Мьянма мен Лаоста болған.

М. Қалиасқар