Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Шымкентте қызанақтар қоқысқа тасталып жатыр

AstanaTV
23.01.2023ж. 20:00
1423
Шымкентте қызанақтар қоқысқа тасталып жатыр

Шымкентте қызанақ қоқысқа тасталып жатыр. Бірнеше тонна көк түйін жеуге жарамсыз боп қалған.

Бұл – қатты аязда жылыжай ішінде үсіп қалған қызанақтар. 3 гектар жерге егілген томат өнімі сақтауға да жарамайды. Өйткені суық ұрған. Айта кетейік, шымкенттік кәсіпкерлер қызанақтың голландиялық сортын күзде еккен болатын. Жазға дейін 1300 тоннадай өнім алуы тиіс еді. Алайда амалсыздан көк помидордың жарайды ау дегенін теріп алып, өзгесін төгіп жатыр. Енді 70 мың түп көшетті түбімен алып тастаудың өзі қосымша жұмыс күші, қосымша шығын болып тұр дейді серіктестік өкілдері. Өндірістік жылыжай қожайыны 100 млн теңгеден астам шығынға ұшыраған. Енді шаруалар банк алдындағы берешегін қалай өтерін білмей отыр.

Қанат ЖАУЫМБАЕВ, ҚР АШМ АӨК НАРЫҚТАРЫН ӨҢДЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Үсіген өнімдер көлемі еліміз бойынша аса көп емес. Дегенмен бұл жағдай көкөніс бағасы мен тапшылығына әсер етпей қоймайды. Ал шаруаларды төмен бағадағы көмірмен қамту үшін бүгінгі күні жергілікті әкімдіктермен бірге сатып алынуда. Алдағы уақытта жылыжайларды жылытуға қажет отындар ертерек қамтамасыз етіп отыру керек. Ал жалпы айтқанда биылғы қатты аяз Қазақстаннан тыс елдерді де шарпып өтті. Соған қарамастан бұл мәселе үкіметтік деңгейде жылдам қолға алынып, қазір проблемалар реттеліп жатыр.

А. Төребекқызы