$498.51 €522.84 ₽4.81
×

5 науқастың жағдайы өте ауыр

AstanaTV
24.01.2023ж. 08:52
1370
5 науқастың жағдайы өте ауыр

Елімізде коронавирус індетіне шалдыққан 5 науқастың жағдайы өте ауыр. Екі пациент жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында жарияланды.

Соңғы бір тәулікте елімізде 46 адамнан коронавирус анықталды. Бес адам дерттен жазылып шықты. Бүгінде Қазақстанда 1790 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 139 пациент стационарда, 1698 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.