Елімізде 250 елдімекенді су басу қаупі бар. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты. Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Абай, Жетісу облыстарында қауіп жоғары.
Юрий ИЛЬИН, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:
Үкімет отырыстарының қорытындысына қарамастан, әкімдіктер 2022 жылға көзделген Жол картасының барлық іс-шараларын іске асырған жоқ. Бүгінде 68-ден 15,6 миллиард теңгеге 41 іс-шараны іске асыру аяқталмаған. Бұған жергілікті бюджеттерден қаражаттың бөлінбеуі немесе уақытылы бөлінбеуі әсер етті. Өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, елдімекендерді су басу қаупінің алдын алуда қардың уақытылы шығарылуы , су айдау құралдарының болуы және өзендердегі мұздың әлсіреуі маңызды.