Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Үш жастағы бала бірнеше инені жұтып қойған

AstanaTV
24.01.2023ж. 21:27
750
Үш жастағы бала бірнеше инені жұтып қойған

Дәрігерлер бірнеше тігін инесін жұтып қойған үш жасар баланың өмірін сақтап қалды. Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, бүлдіршіннің анасы Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасының қабылдау бөлмесіне осындай шағыммен келген. Рентгенге түсіру нәтижесінде асқазаннан екі тігін инесі табылды. Дәрігерлер инені алып тастаған. Бала бақылауда болды. Үшінші инені мамандар жамбастан тапты. Ол да сәтті алынған. «Қазір бүлдіршін үйінде. Өзін жақсы сезінеді»,-дейді.