Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Танымал композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті

AstanaTV
24.01.2023ж. 20:00
1433
Танымал композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті

Бүгін танымал композитор, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Арман Дүйсенов өмірден өтті. Қазақ мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан сазгер небәрі 48 жаста еді. Арман Дүйсенов 1974 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында дүниеге келген. Оның еңбек жолы 1990 жылы Павлодар қаласында өткен ХХІІ республикалық жас орындаушылар байқауында жеңіске жеткеннен кейін басталған. 2003 жылы М. Әуезов атындағы мемлекеттік драма театрындағы қойылымдарға ән жазды. Мемлекеттік телеарналарда музыкалық редактор, продюсер, актер және тележүргізуші болып қызмет етті. Ол – бірқатар танымал жобалардың авторы. Композитордың «Туған жер», «Бақыт таңы», «Үміт арман», «Аманат» деген сияқты көптеген туындылары мәңгі ел есінде қалмақ.

М. Жақан