Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Интернет саудадан алданып қалғандар енді жаңа мобильді қосымша арқылы арыздана алады

AstanaTV
12.08.2016ж. 20:00
3912
Интернет саудадан алданып қалғандар енді жаңа мобильді қосымша арқылы арыздана алады

Интернет саудадан алданып қалғандар енді жаңа мобильді қосымша арқылы арыздана алады. Осылайша Қаржы министрлігі шағым бойынша шұғыл шара қолданбақ. Өйткені ғаламдық желіден тауарға тапсырыс беріп, санын соғып қалғандар бар. Бірақ алаяқ құрбандарының нақты статистикасы жоқ. Интернет сауда бақылана ма? Айгүл Әдепбай тақырыпты тарқатады. 

Тар шалбар, арзанқол жейде, өлшемі жоқ капри. Ольга Шереметтің интернет арқылы тапсырыс берген заттарының суреттегіден ауылы мүлдем алыс.  


Ольга Шеремет, зардап шегуші:

Міне, 36 мың теңгеге киімге тапсырыс бердім. Джинсаның өлшемі 52, маған сыймайды. Мына жейде де қолдан тігілген сияқты. Ал капри суретте стрейч деп тұрды. Әкелгендері мүлдем басқа нәрсе. Ақшамды қайтарыңдар десем, қайтара алмаймыз дейді. Чек жоқ, ештеңе дәлелдей алмаймын.

Инстаграм арқылы тауар сататындардың көбі Алматыда. Олардың 95 пайызын заңды түрде тіркеуге алынған. Бірақ мемлекеттік кірістер комитетіндегілер интернетте сауда қыздырған кәсіпкерлер саны мен табысын, түсетін салық көлемін айта алмады.

Жамбыл Сұрағанов, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі:

Санын айта алмаймын. Это аморфно, растяжимо. Күнде ауысады. Бүгінде 1 млн 300 мыңнан асқан жеке кәсіпкер бар. Олардың ішінде қаншасы электронды саудамен айналысатыны белгісіз. Өйткені олар сауда деп тіркеледі, бірақ ол электронды сауда ма, базардағы сауда ма, оны бөлмейді.

Сондықтан сарапшылар, алаяқтардан тұтынушылардың өздеріне сақтану керек, дейді.

Сұлтанбек Алтаев, сарапшы:

Киви кошелек арқылы немесе өзге де күдікті төлем жолдары арқылы ақша аудармаңыздар. Тауарға тапсырыс бермей тұрып, сол интернет дүкенді немесе сататын адамды зерттеп алыңыз. Адамдардың қалдырған пікірлерін оқыңыз. Сосын шетелден тауарға тапсырыс бермеуге тырысыңыз. Тауар ұнамай қалса, кері байланыс жоқ, қайтару қиын болады. Соңғы кезде алданғандар саны артты.

Интернет сауданы Мемлекетік кірістер комитеті бақылауға алды. Ол үшін мамандар швециялық бағдарламаны игерген.

Айгүл Әдепбай, тілші:

Қаржы министрлігі жаңа жобаны қолға алды. Енді әлеуемттік желіде сауда-саттық жасағандарға қатысты шағымдарды мобильді қосымша арқылы қабылдап, оларға шара қолданбақ.

Айгүл ӘДЕПБАЙ