Талдықорған полицейлері мысықты қорлаған ер адамды анықтады. Күдікті ұсталды. Polisia.kz. таратқан ақпаратқа сәйкес, ол 39 жастағы жергілікті тұрғын дүкенге жүгіріп кірген мысықты тек сыртқа шығарғысы келген. Бірақ жануар ер адамның қолын тырнап алған соң, осылайша қатыгездік әрекеттер тудырғанын айтты.
Қазір күдіктіге ҚР ҚК 316-бабында “Жануарларға қатыгездікпен қарау“ көзделген жауапкершілік төніп тұр. Сотқа дейінгі тергеу іс жүзінде бақылауға алынды.