Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Жұмысшы кен астында қалып қойды

AstanaTV
25.01.2023ж. 13:08
1108
Жұмысшы кен астында қалып қойды

        Қарағанды облысындағы Челябинск мырыш зауытының еншілес компаниясы "Nova Цинк" ЖШС қызметкері кен астында қалып қойған. Қарағанды облысының еңбек инспекциясы басқармасының ақпаратынша, оқиға Ақжал кен орнында болды. Онда қорғасын-мырыш өндіріледі. Кенді қопсыту жұмыстарын жүргізу барысында жұмысшы бункерге құлап кеткен, үстін кен ағыны басып қалған. Нәтижесінде жұмысшы тыныс алу жолдарының асфиксиясынан қайтыс болды. Бұл факт бойынша арнайы комиссия құрылды, жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр.