Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Таразда тірі тауарға айналған сәби қазір балалар үйінде

AstanaTV
25.01.2023ж. 20:00
1881
Таразда тірі тауарға айналған сәби қазір балалар үйінде

Таразда жаңа туған сәбиді сатқан екі акушер қамауға алынды. Олар шақалақты 1 жарым млн теңгеге бағалаған. Бұған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тараз қалалық көпбейінді перзентханада босанған 1987 жылғы келіншек медицина қызметкерлеріне материалдық жағдайының төмендігін айтып, нәрестені балалар үйіне беруге ниетті екенін білдірген. Оны естіген акушерлер жаңа туған нәрестені тірі тауарға айналдырып, саудаға салыпты. Осы айдың басында туған шақалақ бүгінгі күнге дейін жалдамалы пәтерде болған.

Жамбыл СМАТОВ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:

Медицина қызметкерлері бала туа алмайтын әйелді алдын ала дайындап, пайда табу және өзінің ниетін жеткізу мақсатында босанғаннан кейін жаңа туған нәрестені 1.5 миллион теңгеге сатуды ұйымдастырған. Кәмелетке толмаған баланы сату дерегі бойынша ҚК 135-ші бабымен сотқа дейінгі тергеп тексеру тіркеліп, екі медицина қызметкері уақытша қамау абақтысына қамаққа алынды.

Баланы сатуға делдалдық еткен медицина қызметкерлерінің бірі 12 жыл, ал бірі 30 жыл осы перзетханада акушер болып жұмыс істеген. Туғанына ай толмаған сәби қазір балалар үйінде. Себебі, анасы босанған қызынан бас тартқан. Ал нәрестеге ат та қойылмаған, тіпті құжаты да жоқ. Оны өмірге әкелген әйел аналық құқынан айырылуы мүмкін.

Гүлайым МАНИБАЕВА, «ҮМІТ» БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Салмағы 3,420, денесі таза, денсаулығы да жақсы. Қазіргі күні азанда өзім кіріп шықтым жағдайы жақсы. Өздері қазір ойлап тапқан шығар. Балапан дейді. Бір атты уақытша ойлап табады.

Б. Жұмабай