Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Жастар Рухы» ЖҚ былтыр атқарылған жұмыстарды қорытындылады

AstanaTV
25.01.2023ж. 20:00
1701
«Жастар Рухы» ЖҚ былтыр атқарылған жұмыстарды қорытындылады

«Жастар Рухы» жастар қанаты былтыр түрлі санаттағы жастарды қамтыған 1000-нан астам шараны ұйымдастырды. Оның қатарында «Qaisar» мен «ТазаLike» жобасы, «Bir Tolqynda» және «Рухтастар Cases» диалог алаңы сондай-ақ шахмат пен футбол турнирі бар. 100 мыңнан аса жастың басын біріктірген ұйым жыл бойы әлеуметтік, патриоттық, қайырымдылық бағыттағы жұмыстар атқарған.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Жастарға жұмыс» деген жаңа жоба қосылды 100 мың азаматты жұмыспен қамтитын. «Жастарға кеңес» деген жобамыз бар. Алғаш рет төл өнерімізді домбыра құлағында ойнау, домбыраны насихаттау жобасын ұйымдастырдық. Негізгі бағыттар - ол отанды сүю, білімді терең меңгеру, білім алу.

22 жылдық тарихы бар ұйымның биылға да жоспары орасан. Әсіресе, студент жастарды жатақхана мен баспанамен қамтуды негізгі мақсат етіп отыр.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазірдің өзінде 10 аймақта біздің мұрындық болуымыздың арқасында осындай жаңа бағдарлама, мысалы Ақтөбеде, Атырауда, Қарағандыда ашылды. Оның алдында Алматы, Астана, Шымкент жастары болды. Қазір міне Талдықорғанда ашылып жатыр. Осындай бағдарламалар 5-10 пайызға дейін жеңілдетілген түрде жастарға несие беруді көздейді.

М. Қалиасқар