Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

AstanaTV
25.01.2023ж. 19:22
1626
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті,-деп хабарлайды Акорда сайты. Жиында Қарулы Күштерді одан әрі дамыту және әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен бірқатар өкілетті мемлекеттік орган жетекшілері баяндама жасады. Қауіпсіздік Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша, әскердің материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға, оны кадрлармен қамтамасыз етуге және әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған шешімдер қабылданды.