Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қазақстанда көлікті заңдастыруға 13 мың өтініш мақұлданды

AstanaTV
26.01.2023ж. 09:19
1241
Қазақстанда көлікті заңдастыруға 13 мың өтініш мақұлданды

Шетелдік көліктерді заңдастыру науқанының алғашқы үш күнінде 13 мың өтініш мақұлданып, 900-ге жуық көлік иесі жаңа нөмірлерге ие болды, деп хабарлайды Астана телеарнасы Zakon.kz сілтеме жасап.

"Қазіргі таңда 13 мың өтініш алдын ала мақұлданды. 879 адам көлігін заңдастырудан сәтті өтті. Оларға қазақстандық техникалық төлқұжат пен мемлекеттік нөмірлер берілді" - Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, Қазақстанда өзге елдерден әкелінген көліктерді заңдастыру 23 қаңтарда басталды. Науқанға байланысты көлік иелеріне қызмет көрсету орталықтары күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Ережеге сәйкес, көлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінуі тиіс, ол соттылықта болмауы керек, басқа мемлекетте бұрын тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген көлік міндетті түрде кедендік рәсімдеуден өтуі қажет.