Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққандар жайлы соңғы мәліметті жариялады.
26 қаңтардағы мәлімет бойынша, 1 711 адам коронавирус инфекциясынан (1 569 КВИ+ және 142 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 114 пациент стационарда, 1 597 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 6 адамның жағдайы ауыр,
• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.