Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

39 жолаушы ұшақтан түсірілді

AstanaTV
26.01.2023ж. 11:25
968
39 жолаушы ұшақтан түсірілді

Елімізде жыл басынан бері 39 жолаушы құқық бұзушылық жасағаны үшін әуерейстерінен түсірілді. Polisia.kz таратқан ақпаратқа сәйкес, жолаушының 16-сы алкогольдік ішімдік ішіп, масаң күйде жүрген, бесеуі әуе кемесінде мінез-құлық қағидаларын бұзған, қалғаны түрлі тәртіпсіздік жасаған.

Дәулет МОЛДАХАНОВ, КӨЛІКТЕГІ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Тексеру барысында көлік сақшылары масаң күйінде болған және ұшақ бортындағы қауіпсіздік ережелеріне бағынбаған Түркістан қаласының 37 жастағы тұрғынын анықтады. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі және ҚР ӘҚБтК-нің 566-бабы 1-бөлігі бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылып, 8 айлық есептік көрсеткіш (27 600 тг) мөлшерінде айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтардың әуе кемесінің бортында мінез-құлық ережелерін бұзуы қалған жолаушыларға қолайсыздық келтіріп қана қоймай, ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін.