Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

27 шақырым жолдың ақшасын жымқырған

AstanaTV
26.01.2023ж. 14:01
1562
27 шақырым жолдың ақшасын жымқырған

Солтүстік Қазақстан облысында жол құрылысы кезіндегі ұрлық фактісі анықталды. 53,5 шақырым жолдың тең жартысы салынбаған. Келтірілген шығын көлемі шамамен 450 миллион теңгені құрады. «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісін ҚМА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері анықтады. Жол төсемі болмай тұрып, пайдалануға беру туралы құжаттарға қол қойылған.

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда жол салу кезінде жымқыру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу нәтижесінде ұрлыққа қатысы бар тұлғалар анықталды. Іс сотқа жіберілді.