$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Балам үшін қорыққанымнан оның айтқанының бәрін істедім",-жәбірленуші

AstanaTV
26.01.2023ж. 20:00
2029
"Балам үшін қорыққанымнан оның айтқанының бәрін істедім",-жәбірленуші

Қонаев қаласының тұрғыны үйін жинауға келген әйелге зорлық көрсеткен. Және оны біреуге айтсаң өлтірем деп бопсалаған көрінеді. Ал зәбір көрген әйел балам үшін қорыққанымнан оның бар айтқанын істедім дейді.

Жалғызбасты ана пәтерақыға жетпей тұрған 20 мың теңге үшін танысының үйін тазалап беруге келіскен. Алайда үй иесі әйелді жауыздықпен ұрып-соғып, зорлық көрсеткен.

Құндыз, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Мен ештеңе істей алмадым, пышақтың сабымен басымды ұра берді, қарсы тұруға күшім де болмады. Ақырында пышақпен қорқытып зорлығын жүзеге асырды. Есімді жиғанда жуынатын бөлмеде болдым. Ол мені видеоға түсіріп «Барлығына өзім келістім» деп айтқызды, бірнеше рет түсірді. «Біреуге тіс жаратын болсаң тауып алып өлтіремін, балаңды да зорлаймын» деп 2 сағат шығармай, қорқытып отырды.

Жауыздыққа душар болған әйел құрбысына мекенжайды жіберіп, көмекке шақырыпты.

Қарлығаш, КУӘГЕР:

Кіргенім сол екен, қуып жіберді ғой бутылка қолында, уже неадекватный состояние екен, мен өзім больницада істеген соң білемін да адамның түрлерін. Бет ауыздары… түрден түр жоқ бет ауызының бәрі гематома уже бытшыт болып кеткен. Тек қолмен ұрмаған, пылесостың темірі болады ғой сонымен ұрған.

Қалада «әйелдерді алдап үйіне шақырып, қорлық көрсететін адам пайда болды» деген хабарлама тараған. Күдікті тағы бір әйелді аямай соққыға жыққан. Әйел айғайлап, қарсылық танытқанының арқасында ғана тірі қалдым дейді. Бірақ бұған қатысты қозғалған іс созылып бара жатқанын айтады.

Мақсат ӘБІРОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Әлеуметтік желіде тараған қылмыстық іс қазіргі таңда Қонаев қаласының прокуратурасында. Өз өндірісіне қабылдады. Қылмыстық процестік кодекстің 300-бабына сәйкес оқылымда жатыр.

Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше, бұл іс бойынша 10 күннің ішінде тексеру жұмыстары жүргізіледі. Заңдылығы қарастырылып, сотқа жіберу жөнінде шешім қабылданады.

Ә. Пернебек