Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

2,1 млн теңге сыйақы берілді

AstanaTV
27.01.2023ж. 09:35
1391
2,1 млн теңге сыйақы берілді

Ақмола облысында өтекен жылы жемқорлық туралы хабарлаған 13 адамға 2,1 млн теңге сыйақы берілді. Ақмола облыс бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі баспасөз қызметінің мәліметінше, жемқорлықпен күреске жәрдем көрсеткен азаматтар көтермеленіп қана қоймай, мемлекеттің қорғауында болады.

«2022 жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған 13 адам 2,1 млн теңге сыйақы алды. Сонымен қатар өзіне пара беру әрекеті туралы тікелей басшылығына уақтылы баяндаған полиция қызметкері грамотамен марапатталды. Жалпы, Ақмола облысында 2016 жылдан бері сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған 58 адамға барлығы 8,8 млн теңгеден астам сыйақы берілді», - делінген хабарламада.