Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Қарағандыда Екатерина Шпаковская мен оның жеті жасар қызы Софияның өліміне қатысты қылмыстық іс жабылды

AstanaTV
27.01.2023ж. 20:00
1452
Қарағандыда Екатерина Шпаковская мен оның жеті жасар қызы Софияның өліміне қатысты қылмыстық іс жабылды

Қарағандыда Екатерина Шпаковская мен оның жеті жасар қызы Софияның өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтады. Істің жабылуына марқұмдардан дене жарақатының табылмауы себеп болған. Яғни, өлімнің нақты себебі анықталмады. Еске салайық, былтыр қазан айында Қарағанды қаласы маңындағы Ақтас кентінің сыртындағы орманнан 7 жасар қыз бала мен оның анасының мәйіті табылды. Олар жоғалғаннан кейін екі апта өткен соң денелерін кездейсоқ адамдар көріп қалып полицияға хабарлаған. Сол кезде марқұмдардың 5 күн бойы орманда жатқаны белгілі болды. Әйелдің ата- анасы жоқ. Артында 84 жастағы көзі көрмейтін зағип әжесі қалған. Қарағанды облыстық полиция департаменті құпия өлімге қатысты Қылмыстық Кодекстің 99-бабының бірнеше тармағымен, яғни, «дәрменсіз күйдегі екі адамды өлтіру» дерегімен қылмыстық іс қозғаған болатын.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі:

Сот-медициналық сараптамасы барысында әйел мен қыздан дене жарақаты анықталмады. Жүргізілген тергеу-жедел іс-шарасы кісі өлтіру болмағанын анықтады. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауына байланысты тоқтатылды.

А. Қуаш