Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Ыдыс жуатын химиялық заттар да балаға қауіпті

AstanaTV
27.01.2023ж. 20:00
1824
Ыдыс жуатын химиялық заттар да балаға қауіпті

«Бала сірке суын ішіп қойды». «Түйме, ойыншық бөлшектері, темір терсекті жұтып қойды». Соңғы кезде осындай қорқынышты деректі жиі еститін болдық. Кейбірінің соңы тіпті қайғылы жағдаймен аяқталады. Бұл жазым ба, ата-ана жауапсыздығы ма?

Түркістан облысының тұрғыны Динара Қожабергеннің 3 жасар баласы ас үйде тұрған сірке суын ішіп қойған. Ойнап жүріп, шөлдеген бүлдіршін оны су деп ойлапты.

Динара ҚОЖАБЕРГЕН, АТА-АНА:

Химиялық заттарды барынша үйде ұстамауға, ұстаған жағдайда да тек жоғары сөрелерде ұстауын кеңес беремін. Өйткені, біздікіндей жағдай болса өте ауыр, балаға да ауыр, қиын бала тамақ та іше алмайды. Көз алдыңда бала тамақ іше алмай, қақалып, тұншығып жатқан кезде ішкі күйді айтып жеткізу мүмкін емес.

Мұндай жазатайым жағдай балалардың қараусыз қалған уақытында немесе көз бен қастың арасында ойламаған сәтте болады. Сондықтан мамандар ата-аналар барынша сақ болса дейді.

Раушан АРМАНҚЫЗЫ, АСТАНА ҚАЛАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Балалардың ағзасына түскен заттар, яғни ойыншық, тиын жұтып қою секілді 180-нен астам оқиға тіркелген. 2021 жылмен салыстырғанда 2 пайызға жоғары. 1500-ден астам күйік жарақаты тіркелсе, оның ішінде 945 бала амбулаторлық деңгейде ем алған. Ал 650-ге жуық бала ауруханаға жатқызылған.

Ыдыс жуатын химиялық заттар да балаға қауіпті. Түймедей батарейканы жұтып қоятындар да аз емес. Ол ағзада бір күннен артық қалса, түскен жерін тесіп кетеді, дейді дәрігерлер. Ауруханаға түскендердің 30 процентіне күрделі операция жасалатын көрінеді. Ал кейбірінің соңы өкінішке қарай, қайғылы жағдаймен аяқталады.

Р. Бақытжанқызы