Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Банкрот деп танылған азаматтың 3 жыл бойы барлық қаржылық жағдайы бақылауда болады

AstanaTV
27.01.2023ж. 20:00
2076
Банкрот деп танылған азаматтың 3 жыл бойы барлық қаржылық жағдайы бақылауда болады

Елімізде бір миллионнан астам адам банкрот деп жариялануы мүмкін. Соның 215 мыңға жуығы - Алматы қаласының тұрғындары. Алайда мамандардың айтуынша, жеңілдікті кез келген адам ала алмайды. Оның өз тетіктері бар.

Бір жылдан бері несиесін төлемей, банкроттыққа өтінім бергеннің жауапкершілігі де аз емес дейді қаржы мамандары. Өтінім қабылдағаннан соң 5 жыл бойы несие берілмейді және борышкердің қаржысына 3 жыл мониторинг жүргізіледі.

Мақсат ХАЛЫҚ, ЭКОНОМИСТ:

Азаматтар 12 ай бойы төлемей жүрген болу керек және де екіншісі ол азаматтың жеке көлігі, жеке бір жаңағы жер участкісі сияқты жеке мүліктері болмау керек. Яғни соңғы үш жылдағы мүлкі болды ма, қайда жіберді деген процестер қарастырылады дейді. Міне осындай тетіктері бар. Әрине бұл ешкімге де жағып тұрған жоқ шын айтқан кезде. Біріншіден банктер үшін, +екінші кезекте халық үшін, өйткені өзін банкрот деп жариялауда үлкен қиындықтар.

Банкрот деп танылғандардың қарызы кешірілмейді. Тек бөліп төлеулеріне жеңілдік жасалады. Бірақ арнайы шектеулер болады. Сондықтан әбден ойланып, шешім қабылдаған дұрыс.

БЛИЦ:

- Ол дұрыс емес негізі. Бұл дегеніміз адам өзін-өзі нөл қылады деген сөз. Кез келген ересек адам өзін банкрот деп жарияламайды деп ойлаймын.

- Керек нәрсе. Бірақ, жұрт оны дұрыс түсінуі керек. Себебі ойлайды ғой. Мен банкрот боламда, қайтадан ақша ала беремін деп. Ол бір маған жеңіл болатын нәрсе деп. Сондықтан әр адам ақша жұмсағанда, бизнеспен айналысқанда ақша жұмсаудың ретін білу керек.

- Жаным-ау,осы азаматтық банкротқа меніңде балаларым баратын шығар. Өйткені екі сайын барады емге Стамбулға. Екі жарым миллион теңге тек тексерісіне кетеді. Сонда банкрот болмағанда қалай болады айтыңдаршы! Бір жағынан ойлайсың пайдасыда бар шығар,бір жағынан ойлайсың зияныда бар шығар.

Банкроттыққа наурыз айының үшіненен бастап өтініш қабылданады. Тиісті қызмет көрсетіп, құжаттарды қабылдау үшін арнайы платформа дайындалып жатыр.

Меруерт СЕЙСЕМБАЕВА, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ БӨЛІМІНІҢ ӨКІЛІ:

Бұл заң барлық қазақстандықты банкрот деп тануды мақсат етпейді. Қарызға батқандарға тығырықтан шығару жолын көрсету. Алимент, біреудің денсаулығына келтірілген зиян секілді берешектер жатпайды.

Несібесі несие түгілі күн көріске жетпейтіндер үшін банкроттық үлкен көмек. Жағдайын түзеп алуға мүмкіндік беріледі. Ал берешегін әдейі өтемей шынайы табысын, мүлкін жасырғандар тексерілетін болады.