Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Кредит демалысын енді Отан алдындағы борышын өтеп жүрген қазақстандықтар пайдалана алады

AstanaTV
27.01.2023ж. 22:17
1546
Кредит демалысын енді Отан алдындағы борышын өтеп жүрген қазақстандықтар пайдалана алады

Кредит демалысын әскерге енді шақырылған немесе Отан алдындағы борышын өтеп жүрген қазақстандықтар пайдалана алады,-деп хабарлайды Астана телеарнасы Sputnik Қазақстан сілтеме жасап.

Мерзімді әскери қызметті өткеріп жүрген азаматтарға биылдан бастап кредит демалысы беріледі. Ол үшін банктерге әскерге шақырылғаны туралы анықтама ұсыну қажет.

Қарулы күштер Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру департаментінің аға офицері подполковник Руслан Тапашевтің айтуынша, Қорғаныс министрлігі және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арасында тиісті меморандумға қол қойылды.

"Әскерге шақырған кезде жас жігітке оның талабымен жергілікті әскери басқару органы, военкомат арқылы әскерге шақырылып жатқаны туралы анықтама беріледі. Бұл анықтама кейіннен банктерге ұсынылады", - деп түсіндірді Тапашев.

Егер жас сарбаз әскерде борышын өтеп жүрсе, ол жақын туыстарының біріне сенімхат жаза алады. Содан кейін туысқаны осы анықтамамен банкке өтініш жасайды. Р. Тапашев сарбаздарға кредит демалысын беру жұмысы 2023 жылдан бастап басталғанын атап өтті.