Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің бас директоры қамауға алынды

AstanaTV
28.01.2023ж. 10:41
1409
Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің бас директоры қамауға алынды

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бірқатар лауазымды тұлғалары жемқорлыққа жол берді деген күдікке ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РМК бас директорына, оның бірқатар бағыныстыларына, сондай-ақ Комитеттің Бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысына қатысты алдау және сенімге қиянат жасау, пара беру және алу арқылы өзге мүлікті ұрлады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізеді» делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды.Тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.