Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Астанада 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

AstanaTV
29.01.2023ж. 22:04
983
Астанада 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылады
Астанада 2 мыңнан астам жұмыс орны пайда болады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
Жеңіс Қасымбектің сөзінше, қаланың дамуы үшін сол сияқты жеке инвестициялар да тартылып жатыр. Ал биыл 30-ға жуық жобаны іске қосуды жоспарланып отыр. Жеке инвестициялардың жалпы сомасы 118 млрд теңгеден асады. 2 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.
 
"Олар — өнеркәсіп, медицина, агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы кәсіпорындар, білім беру саласындағы 5 нысан (мектептер, балабақшалар), логистика саласындағы 4 жоба, спорт кешендері және т.б. Бүгін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевпен бірге №1 Индустриялық паркте бірқатар кәсіпорынның жұмысымен таныстық. Олардың қатарында ModeX модульдік үй құрылысы зауыты, мамандандырылған техника құрастыру зауыты, витраждар, терезелер, медициналық жабдықтар, жиһаздар, респираторлар және т.б. Кәсіпорын өкілдерімен бірге №1 индустриялық парк бойынша өзекті мәселелерді талқыладық",- деді қала әкімі.