$457.29 €490.35 ₽5.97
×

Үш адамды алдап, 2,5 млн теңге алған күдікті ұсталды

AstanaTV
30.01.2023ж. 10:20
562
Үш адамды алдап, 2,5 млн теңге алған күдікті ұсталды

Түркістан облысында 3 адамды алдап соққан тұрғын анықталды. Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ол арызында танысы 2022 жылдың сәуір айында кәсіпкерлікке қолдау көрсету мақсатында мемлекеттен қайтарымсыз несие алып беремін деп сендіргенін көрсетті. Polisia.kz. дерегінше, алаяқтың сөзіне иланған жәбірленуші оған 360 мың теңге берген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Осыған ұқсас арызбен полицияға тағы екі әйел арызданды. Олар қайтарымсыз несие аламыз деп ақшаларын алаяққа берген. Мұндағы жәбірленушілерге келген шығын көлемі 2,5 млн теңге. Орын алған алаяқтық қылмысын ашу мақсатында полиция бөлімінде тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықтап, оны ПБ-ға жеткізді. Ол жергілікті тұрғын, жас жігіт болып шықты. Полиция қызметкерлері ұсталған жас жігіттің алдау жолымен алған ақшаны жұмсап жібергенін анықтады. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, жинақталған құжаттар сотқа жолданды. Күдікті қамауда отыр.

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах