Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Банкроттық рәсімін қолдана алатын ипотекасы бар адамдардың саны белгілі болды

AstanaTV
30.01.2023ж. 14:30
1467
Банкроттық рәсімін қолдана алатын ипотекасы бар адамдардың саны белгілі болды

Банкроттық рәсімін қолдана алатын ипотекасы бар адамдардың саны белгілі болды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов хабарлады.

«Банкроттық рәсімін пайдалана алатын ипотекалық қарыз алушылардың саны шамамен 6,5 мың адамға жетіп отыр. Қазіргі уақытта барлық ипотекалық несие портфелі шамамен 4,7 трлн теңгені құрап отыр және 449 мыңға жуық қарыз алушы тіркелді», - деді Н. Әбдірахманов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, баспананы сақтап қалу үшін тұрғындарға мерзімі өткен несиені қайтаруға мүмкіндік беретін сотқа дейінгі реттеу тәртібі қарастырылған.

«Бұл тәртіп былтыр күшіне енген еді. Оған сәйкес қарыз алушы төлем мерзімі кешіктірілгеннен кейін, 30 күн ішінде өтініш береді және банк несиені қайта құрылымдау туралы өтінішті 15 күн ішінде қарауы керек. Сондай-ақ, 2022 жылы ипотекалық несие алушылардың құқықтары заңнамалық тұрғыда күшейтілді», - деді Н. Әбдірахманов.