Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Ақтөбеде демалыс орталығында болған қайғылы оқиғаға қатысты жаңа ақпараттар белгілі болды

AstanaTV
30.01.2023ж. 20:00
1727
Ақтөбеде демалыс орталығында болған қайғылы оқиғаға қатысты жаңа ақпараттар белгілі болды

Ақтөбеде қарда жүретін көлік қаққан бес адам ауруханада жатыр. Дәрігерлер жансақтау бөліміндегі 16 жастағы қыздың жағдайына алаңдаулы. Жасөспірімнің жамбасы сынып, өкпесі зақымданған. Одан өзге тағы үш бала мен ересек адам басынан жараланып, сүйектері сыныпты. Ал көлікті тізгіндеген 9-сынып оқушысы тергеліп жатыр.

Көлік қас-қағым сәтте көлік 7 адамды қағып кетті. 40 жастағы әйел сол жерде тілге келмей көз жұмған. Ал 49 жастағы ер адам және бес бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

Қайғылы оқиға тап осы жерде болған. Қазір бұл жерді жинастырып ретке келтіріп қойған. Десе де қарда жүретін көліктің бөлшектері әлі жатыр.

Жәбірленушілер ауруханада. Оның біреуі 1,5 жаста. Дәрігерлер науқастардың жағдайы орташа ауыр дейді. Ал 16 жастағы қыз баланың жағдайы ауыр, ол жаңсақтау бөлімінде жатыр.

Ербол ЖАПАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Үш науқас травматология бөлімінде жатыр. Балалардың жалпы жағдайы тұрақты. Диагноздары бас ми жарақатын алған. Толық емді алып жатыр. Бір науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Жалпы жағдайы қыздың ауыр, тұрақты. Жамбасы сынған. Бас ми жарақатын алған.

Қарда жүретін көлікті 9-сынып оқушысы тізгіндеген. Көлік жасөспірімнің ағасына тиесілі болып шықты. Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Тергеп- тексеру амалдары жүріп жатыр.

Ерболат САРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Қарда жүретін көлік осы көлікті басқарған баланың туысына тиесілі екені анықталды. Аталған факті бойынша Ақтөбе облысының полиция департаментімен ҚР ҚК-тің 345 бабы, үшінші бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалы жүргізілуде.

Ақтөбеде қысқы демалысқа арналған осындай 21 демалыс орны бар. Оларда қауіпсіздік шаралары қаншалықты сақталатыны туралы ақпарат жоқ.

Б. Рахметова