Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Орал тұрғынынан 57 миллион теңгенің контрафактілік темекісі тәркіленді

AstanaTV
30.01.2023ж. 20:00
801
Орал тұрғынынан 57 миллион теңгенің контрафактілік темекісі тәркіленді

Оралда қолдан жасалған арақ пен контрафактілік темекіні заңсыз саудалаған азамат ұсталды. Ол былтырдан бері темекі мен спирттік ішімдікті қала базарларында сатып келген. Бүгінде одан тыйым салынған тауарлардың тұтас қоймасы тәркіленді. Енді ұсталған азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалып, жауапкершілікке тартылады. Мамандардың айтуынша, оның екі жылға сотталуы мүмкін. Ал тау-төбе болып үйілген мына тауарлар жойылады.

Бақыт САТАЕВ, БҚО ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде жалпы сомасы 57 миллион теңгеден астам 90 мың қорап болатын екі өлшемді цифрлық таңбалары жоқ темекі өнімдері, құрамында спирті бар зат құйылған, барлығы 320 литр көлеміндегі пластик ыдыстар табылып, алынды.

Сапасы күмәнді ішімдіктен уланғандар бар. Орал қаласының тұрғыны қолдан жасалған осындай отты судан уланып, ажал аузынан қалды. Қазір ол бір айдан бері дәрігерлердің бақылауында. Мамандардың айтуынша, спирттік ішімдіктен аузы күйгендердің дені - орта жастағы ер адамдар.

Асқар, НАУҚАС:

Ақшам барда дүкеннен алам, ал қалтам жұқарса қолдан жасалған арақты базардан табасың. Қазір көбі солай сатады. Бірақ ешкім уланып қаламын деп ойламайды. Мен де тап осылай болдым. Ажалдан құтқарған дәрігерлерге рақмет. Әйелім бала-шағамды алып төркініне кетті. Енді жазылған соң, отбасымды жинап алуға тырысам.

Е. Карин