Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Егер алдағы жексенбіде парламенттік сайлау болса, сіз оған қатысар ма едіңіз?

AstanaTV
30.01.2023ж. 20:00
1058
Егер алдағы жексенбіде парламенттік сайлау болса, сіз оған қатысар ма едіңіз?

Ал «Қоғамдық пікір» зерттеу институты сайлауға қатысты халықтың пікірін білу мақсатында телефон арқылы сауалнама жүргізген. Оған 17 облыс пен республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 1200 респондент кірді. Сауалнама нәтижесі бойынша 19 наурыздағы парламенттік сайлауға қатысудың ықтимал деңгейі- 53,3%. Респонденттерге «Егер алдағы жексенбіде парламенттік сайлау болса, Сіз оған қатысар ма едіңіз?» деген сұрақ қойылды. Кезектен тыс парламенттік сайлауда дауыс беретін 48,6% респондент «AMANAT» партиясының кандидаттарын қолдауға ниетті. Сауалнама деректері бойынша бүгінгі таңда 5% шегін «Ауыл», «Ақжол» партиялары еңсере алады. Сайлаушылардың көпшілігі саяси плюрализмді қолдайды. Төменгі палатада бес және одан да көп партияның болуын – 27,8%, төрт партия – 6,6%, үш партия – 16,8%, екі партия – 12,0% респондент қолдады.

Ә. Дүкембаева