Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Жаңа адамдар» жаңа Қазақстанның құндылықтары туралы балаларға арналаған бояу кітапшасын шығарды

AstanaTV
30.01.2023ж. 20:00
1778
«Жаңа адамдар» жаңа Қазақстанның құндылықтары туралы балаларға арналаған бояу кітапшасын шығарды

Әлемді тану және тұлғаның қалыптасуы сәби кезден басталады. «Жаңа адамдар» қозғалысы жаңа Қазақстанның құндылықтары туралы балаларға арналған бояу кітапшасын дайындады. «Қазақстанды бірге салайық» жобасы аясында жарыққа шыққан кітапша 18 беттік. Әр беті адам бойындағы ізгі қасиеттерге арналған.

Әсел БАДЕНОВА, «ЖАҢА АДАМДАР» ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ КӨШБАСШЫСЫ:

Бұл бояу кітапшасында біздің жаңа Қазақстанды құру үшін негізгі құндылықтар мен негізгі қасиеттер көрсетілген. Мейірімділік, адалдық, шығармашылық және прагматизм сияқты. Балаларға бұл қаситеттерді зерттеу өте пайдалы деп ойлаймыз.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жай ғана бояу кітапшасы емес, ондағы әрбір сурет балалардың нағыз ұлтжанды азамат болып өсуіне көмектеседі. Сонымен қатар, бұл ата-аналар үшін де пайдалы. Бүлдіршіндердің жарқын болашағы мен ел ертеңі үшін маңызды тәрбие құралы.

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Іс-шара өте қызық, балаларға да ересектерге де, кез-келген адамға танымды кеңейтуге үлкен септігі тиеді деп ойлаймын. Арман мен Диана мерекені көңілді өткізуде. Балам жалғыз емес, әкесімен бірге қатысып жүр.