$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова америкалық әріптесі Сара Сьюэллмен кездесті

AstanaTV
16.08.2016ж. 20:00
2474
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова америкалық әріптесі Сара Сьюэллмен кездесті

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова америкалық әріптесі Сара Сьюэллді келесі жылы Астанада өтетін "Экспо-2017" халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына шақырды. Бүгін Ақордада АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі орынбасарымен кездесу өтті.

Гүлшара Әбдіхалықова Ядролық қауіпсіздік жөніндегі Вашингтон саммитінің барысында Президент Н.Назарбаев өзінің «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесін жариялағанын атап өтті. Сондай-ақ, ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне 2017-2018 жылдарға Қазақстанның кандидатурасын қолдағаны үшін ризашылық білдірді. Және бірер жылда ашылатын «Астана» халықаралық қаржы орталығына Америка инвестициялық қорлары мен корпорацияларын тартуға мүдделі екенімізді жеткізді.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ