Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Жоғалған 15 жастағы қыз табылды

AstanaTV
31.01.2023ж. 10:05
1530
Жоғалған 15 жастағы қыз табылды

Абай облысының полицейлері жоғалған 15 жастағы қызды іздеп тапты. 34 жастағы Семей тұрғыны келіп, 15 жастағы қызының жоғалып кеткені туралы хабарлады. Қыз үйден шығып, қайта келмеген. Жасөспірім қыздың жоғалып кету фактісі Әуезов полиция бөлімінде тіркелді. Оны іздеуге Абай облысы ПД аумақтық бөлімшелерінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Іздеуге 150-ден астам полиция қызметкері мен ерікті қатысты. Polisia.kz дерегінше, құқық қорғау органдары жоғалған қыздың болуы мүмкін деген жерлерді іздеді. Облыс орталығы тұрғынының ақпараты бойынша, қыздың шамамен орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік туды. Іздеу іс-шаралары барысында полиция қызметкері көшеден жасөспірім қызды тапты. Қазіргі уақытта ол ата-анасына тапсырылды. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.