№1 Атырау қалалық полиция бөліміне қала тұрғыны хабарласып, қойма ішінен өзіне тиесілі 87 дана жылу батареясын, 15 қорап ішіне оралған 10 дана газ есептегіш пен 20 дана су есептегішті ұрлап,оқиға орнынан бой тасалап кеткендігі жөнінде арызданды. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынның жалпы құны - 5 325 000 теңге.
Қазіргі таңда 1992 ж.т., 2001 ж.т., 2003 ж.т. күдіктілер анықталып ұсталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.