Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Азаматтығын ауыстырған балалар Ұлттық қордан қаражат ала алмайды

AstanaTV
31.01.2023ж. 14:18
1044
Азаматтығын ауыстырған балалар Ұлттық қордан қаражат ала алмайды


Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, азаматтығын ауыстырған балалар Ұлттық қордан қаражат ала алмайды. Сондай-ақ, министр, балалардың есепшотына түсетін ақшаға салық салынбайтынын да айтты.

 ӘЛІБЕК ҚУАНТЫРОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

Егер бала азаматтығын өзгертсе, онда ол бұл қаражатты алмайды, олар басқа балалар арасында бөлінеді. Егер азамат тұрақты тұруға көшіп кетсе, бірақ 18 жасқа дейін азаматтығын сақтаса, Қазақстан азаматы болса, бұл ақша оның өзінде қалады.