$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Әкімдіктер жергілікті жерлерде мәселелерді шешудің тиімділігін арттыруы қажет,- Премьер-Министр

AstanaTV
31.01.2023ж. 20:00
1067
Әкімдіктер жергілікті жерлерде мәселелерді шешудің тиімділігін арттыруы қажет,- Премьер-Министр

Елімізде өткен жылы барлық деңгейдегі әкімдер халықпен 30 мыңға жуық кездесу өткізген. Онда 63 мың мәселе көтереліп, оның 75 проценті ғана шешімін тапқан. Бүгін бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Әлихан Смайылов жыл сайын қайталанатын мәселелерді түпкілікті шешу керек деді. Сондай-ақ, халықпен кездесуге ат үсті қарап жүрген министрлерді сынға алды.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Кейбір министрлік басшылары жоспарланған 15 кездесуді өткізген жоқ. Мәселен, Индустрия министрлігі екі облыста кездесу өткізген жоқ. Энергетика және Ішкі істер министрліктерінде де осындай жағдай. Бұл жерде қандай да бір сылтау айту орынсыз. Ешқандай себеп қабылданбайды

Сонымен қатар, өткен жылы «е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне келіп түсетін азаматтардың арыздары 16 процентке артқан. Бұған жергілікті әкімдіктердің мәселені дер кезінде шеше алмауы себеп, - дейді Үкімет басшысы.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Мемлекет басшысы министрлердің және әкімдердің халықпен кездесулерінде жиі көтерілетін мәселелерге жүйелі түрде мониторинг жүргізуді тапсырды. Сондықтан, халықпен қарым-қатынас жасаудың жаңа форматына көшіп, оларды толғандыратын мәселелерді шұғыл шешудің нақты алгоритмдерін әзірлеу қажет. Мониторинг көптеген сұрақтардың жыл сайын қайталанатынын көрсетті, яғни оларды түпкілікті шешу керек

Б. Сатуов