Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Алматы облысында жол апатынан екі адам тірідей өртеніп кетті

AstanaTV
31.01.2023ж. 20:00
1107
Алматы облысында жол апатынан екі адам тірідей өртеніп кетті

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Көліктегі екі адам тірідей жанып кетті. Mercedes-Benz маркалі көлік аса қатты жылдамдықпен келе жатып, Ford маркалі көлігіне соқтығысқан. Салдарынан Ford автокөлігі өртеніп, жүргізуші мен жолаушы сол жерде көз жұмды. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде. Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Мейрам ӘБІКЕЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Алматы-Қонаев қаласының ортасында, тас жолдың 54-ші шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Ford машинасы жолдың сыртына шығып кеткен. Жол-көлік оқиғасында екі адам қаза тапты. Mercedes машинасының жүргізушісіне қазір жедел көмек көрсетіліп жатыр.

М. Жақан