Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Елімізде отау тіккен он отбасының үшеуі ажырасуға шешім қабылдайды

AstanaTV
31.01.2023ж. 20:00
2053
Елімізде отау тіккен он отбасының үшеуі ажырасуға шешім қабылдайды

Әлемде әрбір 13 секунд сайын бір отбасы ажырасады. Неке коэффиценті бойынша Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына кіретін 100 елдің ішінде 15-ші орында. Аймақтар арасында Астана, Қарағанды, Павлодар көш басында. Ортадағы бала тағдырына қарамай, жастардың бір шаңырақ астында сыйыспауына не себеп? Толығырақ әріптесім Мирас Жолдыбалин тарқатады.

Өзін Айжан деп таныстырған келіншек күйеуімен бір шаңырақ астында көп тұрмапты. Ұрыспаған, ыдыс-аяқ сылдырламаған. Бірақ табысың аз деп ажырасуға бел буған.

Айжан, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Күйеуімнің табысы аз болды. Бір жерге қыдырайық десем үнемі ақша жоқ деп отырады. Мен отбасылық өмір бұлай болады деп ойламадым. Өз-өзімді асырай аламын. Сондықтан ажырасқанымыз дұрыс деп шештім. Қазір қызым анамның қолында. Қарны аш емес. Әкесіз тәрбиені өзім бере аламын.

Айжан секілді Сарыарқа ауданына қарасты АХАЖ бөлімінің есігін ажырасу үшін қағатындар аз емес екен. Оларға уақыт беріп, шаңырақтарын шайқалтпауға кеңес беріледі. Бірақ дегенінен қайтпайтындар бар.

Индира ЕГЕМБЕРДИЕВА, "САРЫАРҚА" АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2022 жылы 3000 мыңға жуық неке құрылса, 568 неке бұзылған болып есептеледі. Ал биылғы жылы осы 2023 жылдың қаңтар айында 176 неке тіркелсе, оның жиырма бесі некені бұзу туралы өтініш берді.

Елімізде отау тіккен он отбасының үшеуі ажырасуға шешім қабылдайды. "Бізге көбінесе ажырасқаннан кейін араға екі үш жыл салып, жүгінетіндер көп. Отбасы болмай тұрып та психологқа жүгініп, ажырасудың алдын алу керек", - дейді психолог Балабек Сақтағанов.

Балабек САҚТАҒАНОВ, ПСИХОЛОГ:

Бұның енді әртүрлі себептері бар. Бірінші себебі отбасы құрып жатқан жастардың, отбасылық туралы білімнің жетіспеуі. Отбасындағы қарым-қатынастар, отбасындағы дағдарыс, келіспеушіліктер. Бұларды қалай шешудің жолын білмегендіктен, осындай өкінішті қадамдарға барып жатады.

Сертке берік болу, шаңырақтың шайқалмауына екі тарап та мүдделі болуы керек. Бірақ түймедей нәрсені түйедей қылып, ажырасуға бейім тұратындар көбейіп барады. Көпшілігі отбасылық өмірге дайын болмай шығады.

БЛИЦ:

- Біріншіден материалдық жағдайы. Екіншіден басқа кісілердің араға түсуі. Үшіншіден асығыс шешім қабылдауы деп ойлаймын.

- Басты себеп сол тәрбиенің сол ұядан ұшқанда ,қыз баланың анадан алған тәрбиесінің жақсы, дұрыс қазақи болмауында. Қазақи тәрбиені алған адам, қазақи әдеп-ғұрыпты үйреніп өскен қыз, мысалы бұрымын кеспеген қыз, қысқа көйлек кимеген қыз, тобығын ашып жүрмеген қыз дейді солардың барлығы тәрбие ғой.

- Екеуміздің мақсатымыз келеді ма,келмейді ма? Бірінші нәпсі ,әдемілігі емес түптің түбінде адамгершілігі мен иманына қарайтын болса!

Екі жас "жараспадық" деп екі жаққа кетіп қалуы оңай. Бірақ тағдырлары, балаларының болашағына бей-жай қарамау керектігін ойланса.