Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Бір тәулікте коронавирус пен пневмонияға 72 адам шалдықты - министрлік

AstanaTV
01.02.2023ж. 09:10
970
Бір тәулікте коронавирус пен пневмонияға 72 адам шалдықты - министрлік

Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясына – 69, коронавирус белгілері бар пневмонияға 3 адам шалдықты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінен мәлімдеді.

Жалпы 1 ақпандағы ақпарат бойынша, ел өңірлерінде коронавирустан 1 551 адам (коронавирус (КВИ+) – 1 404, пневмония (КВИ-) – 147) емделуде. Олардың ішінде 121 пациент стационарда, 1 430 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 6 адамның жағдайы ауыр,

- 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Айта кетейік, 30 қаңтардағы тәулік ішінде коронавирус 46 адамнан анықталған болатын.