Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Шымкенттегі үшқабатты тұрғын үйде балкон опырылды

AstanaTV
01.02.2023ж. 10:04
1083
Шымкенттегі үшқабатты тұрғын үйде балкон опырылды

31 қаңтарда сағат 14:50-де Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Тауке хан даңғылы бойында орналасқан 3 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы (көлемі 3 ш.м.) балкон құлады. Оқиға орнында Әл-Фараби ауданы ТЖ басқармасы, аудан әкімшілігінің қызметкерлері және жедел-құтқару жасақтың құтқарушылары жұмыс атқарды. Құтқарушылар оқиға орнында шатырдағы қарлар мен мұздарды түсіру жұмыстарын атқарды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы