Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Жеңілдетілген автонесие платформасы 6 ақпанда іске қосылады

AstanaTV
01.02.2023ж. 12:15
1622
Жеңілдетілген автонесие платформасы 6 ақпанда іске қосылады

Өнеркәсіпті дамыту қоры жеңілдетілген автокөлік несиелері мен автокөліктерді алудың ашықтығы үшін Autonesie.kz платформасын пилоттық режимде 6 ақпан күні іске қосады. Бұл туралы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Ғаппаров айтты. Оның сөзінше, былтыр жеңілдетілген автонесие бағдарламасы іске қосылғаннан кейін қазақстандықтар несиені де, көлікті де алуда ашықтық жоқ екенін айтып, сынаған. Ақша үшін кезекте тұрған ілгерілеуді тездетуді, түбіртек келісуді ұсынған делдалдар, алаяқтар болды,- дейді. Сондықтан жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысу механизмін өзгерту туралы шешім қабылданғанын жеткізді.  Бірінші Несие Бюросымен бірлесе отырып, жеңілдетілген автонесие алуға өтінімдерді қабылдау платформасы (Autonesie.kz) әзірленген.  Платформаның негізгі мақсаты жеңілдетілген автонесиелерге қатысуға тең қолжетімділік құқықтарын және осы бағдарламаға қатысудың ашықтығын қамтамасыз ету,-дейді.

Айтуынша, енді  ұзын сонар кезектер болмайды. Өтініш беріп, тіркелгендер  автосалондар мен банктерге барып,  автонесие ала алады.

РИНАТ ҒАППАРОВ, "ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Платформаның пилоттық іске қосылуы 6 ақпан, дүйсенбі, Астана уақытымен сағат 10.00-ге жоспарланған. Өтініш берушілерде интернеті бар компьютер, компьютерде жеке тұлғаның ЭСҚ кілті, NC Layer болуы керек. Оны тексеру өте оңай. ЭСҚ кілтінің түпнұсқалығы мен жарамдылығы, кез келген қызметке немесе сертификатқа Egov.kz сайтында тапсырыс беріңіз. Бұл платформада тек Қазақстан Республикасының аумағында ғана тіркеле аласыз.