Бөрлі-Ақсай-Жымпиты автожолында BMW және Toyota Land Cruser GXR автокөліктерінен МЦ-21-12 тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, 12 калибрлі оқпан арнасында патроны бар МР-153 маркалы карабин, жолбарыс карабин, 37 ұсақ калибрлі патрон және еліктің еті салынған пакеттер табылып, тәркіленді. Қаруға тиісті құжаттар бар.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды "Заңсыз аң аулау".