Қарағандыдағы әуежайға авиаотынды қымбаттатып сатқаны үшін 81 миллион теңге айыппұл салынды.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі баспасөз қызметінің ақпаратынша, Қарағанды облысы бойынша департаменті жүргізген тергеп-тексеру нәтижелері бойынша іс қозғаған. Қарағанды Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен "Сары-Арқа" әуежайы" АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 миллион теңге мөлшерінде монополиялық табысы тәркіленді. 31 миллион теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.